БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗ

БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗ

16 қараша 2020 жыл                                                        

Батыс Қазақстан облысында  әлеуметтік қызметтер порталы (Портал) арқылы «пилоттық режимде» қызмет алу жалғасуда. Бүгінгі күнге 1 қазаннан бастап 3 мүгедектігі бар адамдар ымдау тілі қызметін және 10 жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін Портал арқылы алады. Сондай-ақ, санаторлы-курорттық емдеу қызметін алуға 7 өтінім берді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Порталға пилоттық режимде 3 қызмет енгізілді. 1 қазаннан бастап БҚО облысы  бойынша жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының және санаторий-курорттық емдеудің қызметтері бойынша 20 өтінім орындалды. Қазіргі уақытта Портал арқылы 1471 оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ) берілді.

«Мен, ымдау тілі қызметін жүзеге асыратын маман Манара Туенбекова ымдау тілі қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталына тіркелдім. Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істеу ыңғайлы, бәрі түсінікті. Қызметті көрсетудің бүкіл процесін маман да, мүгедек те қадағалайды» - дейді ымдау тілі қызметін ұсынатын маман Манара Туенбекова.

Әлеуметтік қызметтер порталы ағымдағы жылдың қаңтар айында іске қосылды. Порталдың бірінші басты ерекшелігі (aleumet.egov.kz) - ОТҚ және басқа пайдаланушылардың бейінін, рейтингін және пікірлерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтерді өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілген. Екінші артықшылығы – мерзімдерді қысқарту. Бұрын күрделі рәсімдерге байланысты Мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адам кейде ОТҚ-ны 6 айға дейін күтуге мәжбүр болған. Қазір порталға тапсырыс беруден үйге жеткізуге дейінгі уақыт – 15 күнге дейін. Жеткізу қызметтерін мемлекет төлейді.

«Портал іске қосылғалы жақсы болды. Онымен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл және жылдам, енді мен тапсырыс берген өнімді бақылай аламын. Тапсырыс бұрынғыға қарағанда тезірек келетінін атап өткім келеді. Қазір жеткізу мерзімі 15 күнге дейін қысқартылды. Бұл өте қуантады. Ал жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері бәрін өте қолжетімді деп түсіндірді, порталда ОТҚ-ға өтінім беруге көмектесті. Мемлекеттен көмек алу өте ыңғайлы болды» - дейді 1-ші топ мүгедектігі бар Бейбит Миханов.

Бүгінгі күні облыс бойынша тізілімде порталда 35 өнім беруші бар, оның ішінде 34 – әлеуметтік қызмет көрсету бойынша және 1 – санаторлық-курорттық емдеу бойынша. Қазір жеке іріктеуді талап етпейтін ОТҚ-ның 55 түрінің 24-і Портал арқылы ұсынылады, ал 2021 жылғы қаңтардан бастап жеке іріктеуді талап ететін техникалық құралдар қолжетімді болады.

Портал арқылы барлық қызметтер мен оңалту құралдары сапасы мен сатып алушылардың пікірлері бойынша өзін жақсы жағынан көрсеткен тауарлар мен қызметтердің орташа құны бойынша арнайы комиссия айқындаған, мемлекет кепілдік берген сома шеңберінде тегін ұсынылады.

Дата публикации
16 ноября 2020