Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 байланыс телефоны: 50-25-83, электронды поштасы
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Дариян» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты (329 560 теңгеден 389221 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері:
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (бұдан әрі - АӘҚКО) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылықты жүзеге асырады, мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, ұйымды басқару құрылымын, штат кестесін айқындайды, АӘҚКО-ның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) және мүдделерін қорғайды, олардың туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды, протездік-ортопедиялық, басқа да арнаулы құралдарға мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды олармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді, кадрларды іріктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды, кадрлардың біліктілігін арттыру, өмір және денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны ұстап отыру шараларын қабылдайды, қызметкерлердің еңбек және өндірістік тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді, АӘҚКО-ның сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіреді және қорғайды, қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді, шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді, санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді. АӘҚКО түскен түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды және жауап береді, тиісті органдардың сұраныстарына жауап береді. Мекеме мамандарының «Әлеуметтік қызметтер порталы», «Социум», автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша тиісті ақпараттар енгізілуін қадағалайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың электрондық құжатайналымы бірыңғай жүйесімен (Documentolog) , E-өтініш - азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасымен жұмыстанады.
Мыналарды білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті, Еңбек кодексін, Әлеуметтік кодексін, Тіл туралы заңды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды, Мемлекеттік сатып алу туралы заңды; әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін, ұйымның бейіні мен ерекшеліктерін, заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, социология, психология, педагогика, психологиялық профилактика, этика, геронтология негіздерін, тәрбиелеу және әлеуметтік жұмыс әдістерін, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін, әлеуметтік жұмыстың негізгі әдіснама қағидаттарын; шаруашылық-қаржылық қызметті ұйымдастыруды, салық және бюджет заңнамасының негіздерін, персоналды басқару теориясы мен тәжірибесін, статистикалық және әдіснамалық талдау әдістерін, Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.
Біліктілігіне қойылатын талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білім.
Жұмыс өтілі әлеуметтік қорғау жүйесінде (барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы) кемінде 3 жыл немесе ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымарында кемінде 5 жыл немесе денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы үкіметтік емес (мемлекеттік емес) ұйымдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл.
Конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен он күн аралығында конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам құжаттарды қабылдайтын мерзімде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды қабылдайды.
Қажетті құжаттар:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын
мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың
көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;
Азаматтық қызметке тұру кезінде, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Әңгімелесуді өткізу орны: 2025 жылы 28 мамыр күні сағат 15.00-де БҚО, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2, 3 қабаты, мәжіліс залы.