Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегіне атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

  1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға облысқа                                  9 221,1 млн теңге қаражат бөлінді. 2020 жылдың 1 қыркүйек бойынша қаржыландыру жоспары бөлінген 6700,8 млн. теңгенің 6670,9 млн. теңгесі, немесе 99,6% игерілді.

2020 жылдың 1 қыркүйек бойынша 17877 адам Бағдарлама аясында жұмыспен қамту шараларына жолданды, 15043 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде тұрақтысы 6472 адам).

Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 800 адамды оқыту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 756 адамның тізімі жасақталып, оқуға жолдануда.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 300 адамды жолдау жоспарланып, 263 адам жолданып, 25 адам оқуды аяқтап, 18 адам жұмысқа орналасты немесе 72,0%.

Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 4380,0 млн. теңге көлемінде 1037 несие беру (соның ішінде ауылдық жерде 1013 – 3880,0 млн.теңге, моноқалаларда, кіші қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға 24– 500,0 млн.теңге) жоспарланып, ағымдағы жылдың есепті кезеңге 1577,1 млн. теңге көлемінде 351 несие берілді.

1179 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру жоспарланып, 1006 адам грант алды, соның 47,1% мал шаруашылығын дамытуға, 18,9% құс шаруашылығын дамытуға, 34,0% кәсіпкерліктің өзге де саласын дамытуға алды.

Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1150 адамды оқыту жоспарланып, 1214 адам жолданып, 1033 адам оқуларын аяқтап, 131 несие, 260 грант алды.

Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 9224 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 8571 адам қамтылды, немесе 92,9%.

- 595 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 698 адам жолданды, немесе 117,3%.

- 1934 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 1239 адам жолданды, немесе 64,1%.

- 6618 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 6634 адам тартылды, немесе 100,2%.

- 56 адамды алғашқы жұмыс орындарына жолдау жоспарлануда.

- 21 адамды ұрпақтар келісімшартына жолдау жоспарлануда.

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға Батыс Қазақстан облысына 32,2 млрд. теңге бөлініп, 172 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда. Іске асырылатын жобаларда 8716 жұмыс орнын құру, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 4397 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ жобаны іске асырғаннан кейін 682 тұрақты жұмыс орнын құру болжануда.

Қазіргі таңда жобаларда 5309 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2584 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздық бойынша. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыспен қамту орталықтарына 26103 адам жолықты. Жұмыс қамту қызметінде 14925 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 4,4% құрады.

Жұмыс орындарын құру бойынша. Облыс көлемінде 2020 жылы 13021 жұмыс орындарын құру жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке 14423 жұмыс орындары құрылды, немесе 110,8%, соның ішінде тұрақтысы 5407 жұмыс орны (жоспар 6931). Құрылған жұмыс орындарының ішінде 8619 ауылдық жерде.

Анықтама үшін: Құрылған жұмыс орындарының ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1407,өнеркәсіп – 110,құрылыс – 811, көлік және қоймалауда – 123, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 347, білім беру – 605, денсаулық сақтау -281,экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 1723, уакытша және маусымдық – 9016.

Еңбек нарығы бойынша. Облыстық Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың 2 тоқсаны бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 337 831 адам, жұмыспен қамтылған халықтың саны 320 813 адам, жалдамалы қызметкерлердің саны 232 046 адам соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 88 767 адам (өзін-өзі нәтижелі 75272 адам, өзін-өзі нәтижесіз – 13495 адам), жұмыссыз адамдардың саны 17018 адам.

2020 жылдың 2 тоқсаны  бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%, 15-28 жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

Жұмыстар жалғастырылуда.

 

  1. Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша.

 

Жұмыс берушінің есебіне сәйкес  «КарачаганакПетролиумОперейтинг Б.В.» компания филиалында барлығы 3536 қызметкер жұмыс жасауда, соның ішінде ҚР азаматтары – 3126 (88,4% барлық жұмыс жасайтындар санынан), рұқсат бойынша жұмыс жасайтын шетелдік мамандар– 315, рұқсат алудан заң бойынша босатылған шетелдік қызметкерлер – 95 (РФ азаматтары және т.б.). 

61 мердігерлік кәсіпорындарда шамамен 9584 қызметкерлер жұмыс жасайды, соның ішінде ҚР азаматтары – 9069 (93% барлық жұмыс жасайтындар санынан), рұқсат бойынша жұмыс жасайтын шетелдік мамандар – 498.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Рұқсат қағазын ресімдеуді Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс жасауға жоспарлап отырған шетелдік азаматтарға міндетті түрде талап етіледі, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2016 жылдың 15 желтоқсанында №802 қаулысының 2 қосымшада көзделген кейбір шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылына квота 14 экономикалық қызмет түрлері бойынша белгіленді: барлығы 1440 бірлік, сонын ішінде І санатты – 39 бірлік, ІІ санатты – 548, ІІІ санатты – 493, ІҮ санатты – 0 және маусымдық қызметкерлерге – 360 бірлік.

Есепті кезеңге (01.09.2020ж.) облыста шетел жұмыс күшін тартушы 104 мекеме мен кәсіпорындарда барлығы 17674 адам қызмет жасайды, оның ішінде 1101 шетелдік мамандары, немесе – 6,2 % және 16573 қазақстандық азаматтар, немесе – 93,8 %. Жалпы жұмыс жасайтын шетелдік мамандардың құрамында білікті мамандардың үлес салмағы 68 пайыздан құрайды.

2020 жылдың басынан бері аталған жұмыс берушілермен квота нақты 57%, немесе 833 бірлік пайдалынылды.

Бірінші басшылар мен құрылымдық бөлімшелер басшылар ретінде барлығы 272 шетелдік маман тартылды (1 санат - 20, 2 санат - 252 единиц), мамандар және мамандырылған жұмысшылар ретінде 201 (3 санат- 201, 4 санат-0), маусымдық жұмысшылар ретінде - 360.

 

Оралмандар туралы

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылдың 01 қыркүйегіне  20  адам этникалық қазақтар қабылданып, оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Ресей Федерациясынан 12 адам, Өзбекстан Республикасынан 6 адам, Беларусь Республикасынан 2 адам. Келген оралмандардың арасында еңбекке жарамды жастағылар – 14 адам. Еңбекке жарамды тұлғалардың ішінде 4 адам жоғары білімді, 10 адам орта кәсіптік білімді, оның ішінде 14-і тұрақты жұмыста. Көшіп келген оралмандардың облыс бойынша орналасуы: Ақжайық ауданы – 1 адам, Бөрлі ауданы – 2 адам, Бәйтерек ауданы– 2 адам, Орал қаласы – 15 адам.

Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша:

«Халықтыңкөші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 22 шілдедегі №477-V Заңының (бұданәрі – Заң) 23-бабына сәйкес:

- Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.

-  Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:

1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;

3) Қазақстан Республикасының азаматтары   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.

Байланыс ақпараты: Орал қаласы Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжайында орналасқан Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығуға немесе 8-7112-51-28-66 телефон арқылы хабарласуға болады.

 

Әлеуметтік әріптестік

 

Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын   (бұданәрі – өңірлік комиссия) әлеуметтік әріптестік органдары арқылы тараптардың өз ара іс-қимыл жасауынысанында қамтамасыз етеді.

Тұрақты жұмыс істейтін өңірлік комиссиясы мынадай қағидаттар: комиссияның қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі, тараптардың өкілеттілігі, тепе-теңөкілдік ету, тараптардың тең құқықтылығы, тараптардың өзара жауаптылығын егізінде қалыптастырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестіктің тараптары болып табылады. Барлығы 15 комиссия мүшесі, әртараптан 5 қатысушыдан. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері комиссия құрамына облыс әкімінің 2016 жылғы 30 шілдедегі №178-ө өкімімен жіберілді. Кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері, жұмыс берушілер – өңірлік палаталардың өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілернің облыстық бірлестіктері жұмыскерлердің өкілетті өкілдері болып табылады.

 

Комиссия 2016 жылғы 27 маусымдағы №2 комиссия шешіміменбекітілген «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия туралы» ережеге сәйкес әрекететеді. Отырыс тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. Отырыс қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданады.

Ағымдағы жылы Комиссия жоспары бойынша комиссияның 1 отырысы өткізілді.

Еңбек қатынастары сұрақтары, ұжымдық шарттар мен өндірістік процестерді тұрақтандыру туралы меморандумдарға қол қою барысы сұрақтары, және олардың орындалуы, облыс кәсіпорындарында еңбек қақтығыстарын ескерту жұмыстары туралы, еңбек қауіпсіздігі, жалақы бойынша облыс кәсіпорындарының берешектері жөнінде, сонымен қоса өндірістік жарақаттанудың өсуінің алдын алу және еңбек саласындағы тағы басқа сұрақтар комиссиялардың отырыстарында қарастырылады.

Жұмыстар жалғастырылуда.

 

  1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

 

«Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы» аясында келесідей жұмыстар жүргізілді:

Жыл басынан 90 556 тұлғаның мәртебелерін өзектендіру қажет болса, атқарылған жұмыстын нәтижесінде 2020 жылдың 11 қыркүйегіне мәртебелері өзектенгені  86 143 тұлға немесе 95,1%.

Мәртебелері өзектенбеген тұлғалар саны 4413 азаматты құрайды.

Бүгінгі күнге жыл басынан МЗЖ жоқ өзектенбеген 30 632 тұлғаның  30 607 (99,9%) өзектендірілді.

2018 жылдың басынан өзектенбеген нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 34 842 адамның 34 285 (98,4%) өзектендірілді.

2018 жылдың басынан өзектенбеген тіркелмеген жұмыссыз 19 076 адамның 18 902 (99,1%) өзектендірілді.

2018 жылдың 1 қаңтарына 1523 студент деп анықталған азаматтардың 1419 немесе 93,2% өзектендірілді, 104 өзектендірілмеген есебінде қалып отыр.

Өзектендірілмеген қоныс аударғандардың саны 1942 (оның ішінде 1839 адам еңбек мигранттары) құрайды.

2020 жылдың 11 қыркүйегіне бағдарламаға тартуды қажет ететіндер               8 256 азаматтың Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына 8082 (97,9%)  тұлға тартылды.

Бірыңғай жиынтық төлем жөнінде ақпарат. Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуіне байланысты 2018 жылдың желтоқсан айында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және жұмыспен қамтуды формализациялауды жүргізу үшін облыс әкімінің орынбасары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Вице-министрінің арасында облыстық іс-шаралар Жол картасы бекітілді. Жол картасында көрсетілген тармақтарды орындау және халық арасында ақпараттық насихат жүргізу үшін басқарма тарапынан барлық аудан әкімдіктері мен облыстық кірістер органдарына және ішкі саясат басқармасына материалдар жолданды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында бүгінгі күнге Бірыңғай жиынтық төлем жөнінде Хабар-24, Ақжайық, ТДК-42, Карашығанақ телеарналарына 32 сұхбат және бейнесюжеттер берілді. БЖТ енгізілуі жөнінде халық арасында жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, нысаналы топтармен барлығы - 854 кездесулер ұйымдастырылып, 36 417 үнпарақтар таратылды. Баспасөз құралдарында 65 басылымдар мен мақалалар жарияланып, радио арқылы 25 хабарландыру жіберілді, 1310 сыртқы жарнама, билбордтар, хабарландырулар аялдамаларда ілінді, 203 жүгіртпе жолдар іске қосылып, интернетте және әлеуметтік желілерде 3144 насихаттау публикациялары жарияланды, SMS және Whatsapp арқылы 34 125 таратылымдар таратылды. Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын орындарда аталған тақырып бойынша 29 баннер орналастырылды.

Бірыңғай жиынтық төлемді мәртебелері өзектенбеген жеке тұлғалар яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындар, мәртебелері белгісіздер қатарынан 2020 жылдың 11 қыркүйегіне облыс бойынша барлығы 7333 (81,5%) азаматқа БЖТ жүргізілді (жоспар 9000 адам).

"komek07.kz көмек көрсету порталы бойынша ақпарат

Облыста мұқтаж азаматтармен көмек көрсететін адамдардың өзара қарым қатынасын байланыстыру және қайырымдылық көмектің айқындылығы мен есебін қамтамасыз ету мақсатында көмекке мұқтаж адамдарға "komek07.kz көмек көрсету порталы жұмыс істейді.                          

"komek07.kz" порталмен танысу шеңберінде теледидарда, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде трансляциялау үшін бейнеролик дайындалды.

Бүгінгі күні порталға мұқтаж азаматтардан 958 өтініш келіп түсті, 614 өтініш модерацияланды. Көмек көрсеткісі келетін 92 адам тіркелді. Барлығы сұраулар бойынша 27 жауап алынды. 27 өтініш бойынша көмек көрсетілді (оның 16-і бойынша ақшалай көрсетілді, көрсетілген көмектің жалпы мөлшері  864 500 теңгені құрады, 4 өтініш бойынша көмек азық-түлік өнімдерімен (азық-түлік жиынтығы), 7 өтініш бойынша басқалай көмек).

2020 жылдың 7 шілдесінен бастап жұмыс режимінде есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарға сурдоаудармаға қызмет көрсетуге Батыс қазақстан облысының  мекемелерінде "Сурдо онлайн" қызметі іске қосылды.     Бағдарлама есту қабілеті бұзылған адам, ымдау тілі операторы мен клиент жүгінген мекеменің қызметкері арасындағы бейне байланыс конференцияны құрайды.

Бүгінгі күніне "Сурдо-Онлайн" қызметін 217 адам пайдаланды, барлық келіп түскен өтініштер бейнеқоңыраулар бойынша болды.

Есту қабілеті бұзылған адамдардан түрлі сипаттағы қоңыраулар келіп түсіп, өңделді. Соның ішінде дәріханаларға жүгіну, медициналық оңалту, Облыстың ХҚКО-нан тегін Мемлекеттік қызметтерді алу, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, "Даму" Қоры арқылы әлеуметтік гранттар алу, дәрігерді үйге шақыру, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар.                                                                  Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда алынып, жұмыстар жалғасуда.

 

  1. Әлеуметтік көмек бойынша

 

Облыстың жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)әлеуметтік қолдау көрсету бойынша үнемі жұмыстар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне:

  • атаулы әлеуметтік көмек 4 463 отбасына оның ішінде 21 311 адамға, с.і. 1 192 көп балалы отбасыға 5 378 балаға 1,1 млрд. теңгеге көрсетілді.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер 5 558 балаға 197,2 млн. теңгеге берілді.

  • тұрғын үй көмегі 1 945 отбасына 37,1 млн.теңге көлемінде;
  • үйде оқытылатын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек 394 отбасына 20,2 млн.теңгеге;
  • жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға әлеуметтік көмек 22 551 отбасына 863,1 млн.теңгеге көрсетілді.

Карантиндік және шектеу шаралары кезеңінде (наурыз-мамыр, шілде айлары) халықтың жекелеген санаттары азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етілді. Алушылар саны 41 381 адамды құрап, 744,9 млн,теңге төленді. Тамыз айына 34 610 адамға 192,7 млн.теңгеге төлемдер жүргізілді.

Жұмыстар жалғастырылуда.

 

  1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы анықтама.

 

Облыс бойынша жалпы мүгедектер саны 24401 адам, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 2738 адам.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2020 жылы мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 8746 мүгедектерді 1909,0 млн.тенгеге қамтамасыз ету жоспарлануда.

Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарымен және жеке көмекші қызметімен, ымдау тілі маманымен, санаторий-курорттық емделумен 5558 адам қамтамасыз етілді.

Облыс бойынша 1737-не әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне паспорттау жүргізілді. Паспортталған объектілердің ішінен бейімдеуді қажет ететін 1133 объектіден, 1124 объекті бейімделді. Барлық паспортталған әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарынан бейімделген нысандарының үлесі 99,6 (%) пайызды құрап отыр (2020ж-жоспар 98%). 2020 жылы 11 әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектіге бейімдеу жұмыстары жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда 2 объект бейімделді.

Қоғамдық көліктердегі мүгедектердің жағдайын ескере отыра әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 38 автокөлікпен 5 - бағыт бойынша 436 мүгедекке «Инватакси» қызметі көрсетілді.

Әлеуметтік қызмет порталына 34 мекеме, соның ішінде 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, 13 аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, 1 белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған орталық, 1 тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық, 6 қоғамдық бірлестіктер тіркелді.

Оңалтудың техникалық құралдары бойынша бүгінгі күні әлеуметтік қызметтер порталында 3 көмек түрі бойынша, атап айтқанда сіңіргіш ұнтақ, Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе бойынша жеткізуші «Акниет» порталға тіркелді.

Сонымен қатар, «Е-собес» түрлендiру ААЖ-не оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес 24 ОТҚ бойынша 902 өтініш бойынша 1704 көмек түрінен мүгедектерге алуға 1477 аралығында өтініштердің көші-қон жүргізілген.

Бүгінгі күні 884 тапсырысқа рәсімделді, соның ішінде, 65 тапсырыс кезеңінде,198 жеткізу кезеңінде, 621 орындалды, оның ішінде 528 техникалық құралдар бойынша төлем жүргізілді, бұл 85 % құрайды.

Жұмыстар жалғастырылуда.

 

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша.

 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер облыс бойынша стационарлық үлгідегі 12 (оның ішінде 9 мекеме шағын сыйымдылықты), жартылай стационарлық үлгідегі  1 мекеме, 2 бөлімше, үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 30 бөлімше, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған 1 мекеме, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 1 мекеме, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және жартылай стационарлық жағдайда  6 үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілді. Жалпы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне 5251 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды. Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдар тізімінде 19 адам кезекте тұр (2019 жылдың 1 қыркүйегіне 41 адам).

 Анықтама: 2020 жылғы 1 қыркүйекке стационарлық үлгіде 1348 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды, оның ішінде 877 адам 18 жастан асқан  психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер, 57 он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар балалар, 414 қарттар мен 1,2 топ мүгедектері.

 Жартылай стационарлық үлгіде 114 адам қамтылды, соның ішінде «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы арқылы 48 психоневрологиялық ауытқуы бар бала,  Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанындағы бөлімше арқылы 18 жастан асқан психоневрологиялық  ауытқуы бар 22 мүгедек, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» жанындағы жартылай стационарлық  үлгідегі бөлімше арқылы 44 психоневрологиялық ауытқуы бар бала қамтылды.

 Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы 3119 адам, соның ішінде 217 психоневрологиялык ауытқуы бар балалар, 311 – 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдар, 2591 бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттармен 1,2 топ мүгедектері арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.

 Әлеуметтік бейімдеу қызметі арқылы 420 адам, соның ішінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» арқылы белгілі тұрағы жоқ 85 адам, орталық жанындағы тәуліктің түнгі уақытында болу бөлімшесі арқылы 146 адам, ұтқыр әлеуметтік патруль арқылы 189 адам қамтылды.

 Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған Дағдарыс орталығы арқылы арнаулы әлеуметік көмекпен 42 адам қамтылды.

 Үкіметтік емес ұйымдар арқылы 208 тұлға арнаулы әлеуметтік қызметпен  қамтылды,  оның ішінде  психоневрологиялық ауруы бар балалар154, 18 жастан асқан психоневрологиялықауруы бар мүгедектер 29, тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандары- 25.

Аумақты дамыту  жоспары бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) орындалуы 99,64% құрады (2019 жылдың 1 қыркүйегіне 99,28 % құрады).

Алдағы уақытта менталдық ауытқушылықтары бар мүгедектергі қоғамға интеграциялау, әлеуметтік-еңбектік дағдыларын қалыптастыру мақсатында Мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік-еңбектік бейімдеу орталығын ашу жоспарлануда (Өз бетімен тұру үйі).

Сонымен қатар, республикалық бюджет арқылы «Мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығы» құрылысын бастау 2021 жылға жоспарлануда (құны 3,9 млрд.теңге).  Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен нысан құрылысына «Ақжайық» шағын ауданынан нақты жайғастыру жобасымен 5,8 га жер учаскесі қарастырылды.

Жұмыстар жалғастырылуда.

Дата публикации
22 сентября 2020