Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №8-1 шешіміне сәйкес басқарма бюджеті 18 709 555 мың. теңгеге бекітілді. Оның iшiнде:
жергiлiктi бюджет — 18 206 922, 0 мың теңге,
республикалық бюджет - 502 633,0 мың теңге,
Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек саласында аса маңызды бағыттардың бiрi мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, өмiр сүру сапасын жақсарту, табысы аз азаматтардың санатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік емес ұйымдарды қаржыландыру, «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған, біліктілігі жоқ тұлғаларды нәтижелі жұмыспен қамтуды шешу болып табылады.
Басқарма 12 ведомствоға қарасты (11 стационар және 1 жартылай стационар) мекемелермен 1402 қамқорланушыларды қамтамасыз ету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге 5 189 607 мың теңге бөлінді.
«Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 261 133 мың теңге облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аппаратын ұстауға қарастырылған.
Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн «Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қолдау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша 2085 протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етуге 172 825 мың. теңге қаражат жоспарланып отыр.
053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтiру бойынша қызмет көрсету» бюджеттiк бағдарлама бойынша 7 мүгедектігі бар бала және 3 ересек адамға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыруға 55 298,0 мың.теңге жоспарланған.
064 «Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 1 226 442,0 мың теңге орталық пен мансап орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге қарастырылды.
«Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» бағдарлама бойынша 268 адамға кредит беруге 1340 000,0 мың теңге жоспарлануда.
«Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша аудандық (қала) жұмыспен қамту бөлімдеріне төмендегі іс-шаралар бойынша:
Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға:
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға:
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобасы бойынша :