Шетелдік жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің назарына
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы (Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығы) қабылданды (тізімі қоса беріледі).
Тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы» 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №992 бұйрығына сәйкес сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін тұлғаларға Қазақстан Республикасының ұлттық жұмыстар жіктеушісінің (бұдан әрі - ҰЖЖ) тобын және ҰЖЖ талаптарына (кәсібі, дағдыларының деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) сәйкестігін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органның қолдаухатын ұсынған кезде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар берудің жеңілдетілген тәртібі белгіленгенін қосымша хабарлаймыз (Қағиданын 3 қосымшасы,10 т, .8) тармақшасы.
|
№ |
Наименование сферы |
Наименование востребованных профессий |
|
1. |
Денсаулық сақтау |
Дәрігер-нейрохируг |
|
Дәрігер-гематолог |
||
|
Дәрігер-онколог |
||
|
Дәрігер-неонатолог |
||
|
Дәрігер-эндокринолог |
||
|
2. |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші |
|
Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші |
||
|
Фармация инженер-технологы |
||
|
Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші |
||
|
Авиациялық инженер |
||
|
Ғарыш жүйесін аппараттық-бағдарламалық қамсыздандыру жөніндегі инженері |
||
|
Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер |
||
|
Лазерлік жабдық жөніндегі инженер |
||
|
Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші |
||
|
Инженер-медициналық радиохимик |
||
|
Инженер-медициналық физик |
||
|
Тоқыма шикізатының классификаторы |
||
|
Бактериолог |
||
|
3. |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
АТ инфрақұрылымының архитекторы |
|
Бағдарламалық қамсыздандыру архитекторы |
||
|
4. |
Педагогикалық ғылымдар |
Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс) |