Ереже

Батыс Қазақстан облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы» мемлекеттік мекемесі

туралы ережені бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,Қазақстан Республикасының2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,2016 жылғы
6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды алсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.

 

 

         Облыс әкімі                                                      А.Көлгінов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жылғы «___» __________ №___

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілген

 

 

«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі  туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың көші-қоны, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 үй.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясыаз қамтылған азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу және халықты жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру, әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласында азаматтардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Міндеттері:

1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, оның дамуына жәрдемдесу;

2) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектер мен басқа топтағы мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру;

3) қолданыстағы заңнамада көзделген жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтарын, мүдделерін, мемлекеттік кепілдіктерін қорғау;

4)  әлеуметтік қорғау, соның ішінде мүгедектерді оңалту, қоғаммен етене араластыру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады;

2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асырады;

4) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

5) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;

6) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;

7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;

8) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;

9) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындауды жүзеге асырады;

10) өзінің құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;

12) жұмыс берушілермен шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

13) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құру жөніндегі шараларды және олардың қызметiн ұйымдастырады;

14) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді және (немесе) ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

15) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

16) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;

17) оралман куәліктерін береді;

18) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

19) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

20) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

21) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

22) ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;

23) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;

24) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

25) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

26) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;

27) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын-үй көмегін көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

28) өз құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлеудi үйлестіреді;

29) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

30) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құру  жөніндегі шараларды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

31) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз етеді;

32) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

33) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

34) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

35) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;

36) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

         37) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;

2) «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру

 және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма басшысы жүзеге асырады.
  2. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

1) өзінің орынбасарларының және «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады, оларға тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

5) «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

7) «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

8) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты атқарылуын бақылайды;

         9) «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша есеп материалдарын дайындау жұмыстарын бақылайды;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

11) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

12) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

  «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым  салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

  1. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. «Батыс Қазақстан облысыжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Зеленов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  8. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Шыңғырлау арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  9. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  10. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақжайықарнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  11. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  12. «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2023