Барлық жұмыс берушілер назарына! Алдағы 2023 жылға ҚР-на шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру туралы

Облыстық жұмыспен қатуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  16 жылғы 15 желтоқсандағы        № 802 қаулысымен бекітілген  «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері
арасында бөлу қағидаларының» 6 тармағына сәйкес 2023 жылға  арналған квотаға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы  жұмыс берушілерден өтініштерді  қабылдауды бастайды.

Өтініштер 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 қазанға дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде www.e-gov.kz электрондық үкімет            веб-порталы арқылы  (eotinish – мемлекеттік органдарға ресми өтініш беру) қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) БҚО ЖҚБӘББ басшысының атына жазылған ілеспе хат; хатта кері байланыс үшін орындаушының байланыс деректерін көрсету қажет (ұялы телефон, электрондық пошта мекен-жайы);

2) ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН, ОКЭД (экономикалық түрі), ағымдағы жылы жұмыс жасайтын шетелдік азаматтардың саны (егер олар болса), 2023 жылы тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінін саны санаттар шегінде көрсетілген екі тілдегі кесте.

Кесте толтырған кезде тартылатын шетелдік жұмыс күші бойынша толық негіздеме ұсыну қажет, сондай-ақ 2023 жылы жоспарланған жобалар, көрсетілетін қызметтер бойынша келісім-шарт, келісімдерді көрсету қажет (алдағы жылға қолданылу мерзімін көрсете отырып келісім-шарттардың көшірмелерін ұсынуды қажет).

Анықтама үшін телефондар 8(7112) 505099, 8(7112) 512866.

Алдағы 2023 жылға ҚР-на шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру туралы
Дата публикации
01 июля 2022