Азаматтық бюджет 2022ж.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк

бағдарламаларды үйлестiру басқармасы бойынша 2022 жылға арналған азаматтық бюджет

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15  желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №8-1 шешіміне сәйкес  басқарма бюджеті  11 502 963  мың. теңгеге бекітілді.Оның  iшiнде:

республикалық бюджет —7 876 962,0 мың теңге,

жергiлiктi бюджет — 3 626 001,0  мың теңге.

Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек саласында аса маңызды бағыттардың бiрi мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, өмiр сүру сапасын жақсарту, табысы аз азаматтардың санатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру,мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік емес ұйымдарды қаржыландыру, бағдарламаның  үшінші    «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты аясында   өзін-өзі жұмыспен қамтыған, біліктілігі жоқ тұлғаларды нәтижелі жұмыспен  қамтуды шешу болып табылады.

Басқарма 13 ведомствоға қарасты (12 стационар және 1 жартылай стационар) мекемелермен 1422 қамқорланушыларды қамтамасыз ету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге 4 089 381,0 мың теңге бөлінді.

«Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 229 657,0 мың теңге облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аппаратын ұстауға қарастырылған.

Мүгедектер мен мүгедек-балаларға әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн «Мүгедектерге әлеуметтiк қолдау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша барлығы                  280 132,0 мың. теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражат төмендегі іс-шараларға бағытталған:

- 126  арнайы жүріп-тұру құралдарға,

- 37 сурдотехникалық құралдарға,

- 94  портативті тифлокомпьютерге,

- 2185 протездiк-ортопедиялық құралдарды дайындауға,

 053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтiру бойынша қызмет көрсету» бюджеттiк бағдарлама бойынша 7 мүгедек балаға  дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыруға 36 015,0 мың.теңге жоспарланған.

113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша  аудандық (қала) жұмыспен қамту бөлімдеріне 6 867 778,0  мың теңге бөлінді және төмендегі іс-шаралар бойынша:

  • 19271 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке -1 879 673 мың теңге,
  • 4393 балаға мемлекеттік кепілдірілген әлеуметтік пакетке- 484 284 мың теңге,
  • 115 адамға жартылай стационарлық үлгіде қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызметтерді көрсетуге – 106 031 мың теңге,
  • 5 адамға адамдар саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге- 7266 ,0 мың теңге,
  • 1796 мүгедектi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге-                212 152 мың теңге,
  • 243 адамға ымдау тiлi мамандарының қызметiн көрсетуге – 46 474 мың теңге,
  • 2519 адамға техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарының тiзбесiн кеңейтуге-99 688 мың теңге,
  • 3 мүгедекті бір реттік қолданылатын катетермен қамтамасыз етуге – 711,0 мың теңге,
  • 640 сурдотехникалық құралдармен қамтуға – 59 237  мың теңге,
  • 1782 тифлотехникалық құралдармен қамтуға – 330 793 мың теңге,
  • 1139  адамды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге - 161 907 мың теңге,
  • 318 арнайы жүріп-тұру құралдарға -45 112 мың теңге,
  • 795,4 бірлікке халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша мемлекеттік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің еңбекақысына қосымша үстемақыға – 1 182 459 мың теңге.
  • «Белсенді ұзақ өмір» орталығын ашуға 37 854,0 мың теңге,

«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобасы  бойынша :

  • 1268 адамды жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жолдауға – 582 583 мың теңге ,
  • 775 адам әлеуметтік жұмыс орындарына – 205 680 мың теңге,
  • 1821 адам жаңа бизнес идеяларын іске асыруға гранттарға – 1 115 544 мың теңге,
  • 196 адамға қоғамдық жұмыстарға – 124 956 мың теңге,
  • 300 адамға қысқа мерзімді оқуға -71 981,0 мың теңге,
  • 196 адам Алғашқы жұмыс орнына- 113 393 мың теңге,
Азаматтық бюджет 2022ж.
Дата публикации
10 января 2022