2021 ЖЫЛДЫҢ 2 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ БОЙЫНША БАСҚАРМАҒА КЕЛІП ТҮСКЕН АРЫЗ-ӨТІНІШТЕРГЕ ТАЛДАУ

2021 ЖЫЛДЫҢ 2 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ БОЙЫНША БАСҚАРМАҒА КЕЛІП ТҮСКЕН АРЫЗ-ӨТІНІШТЕРГЕ ТАЛДАУ

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 10-тармағына сәйкес 2021 жылдың  2 айлық есебі бойынша басқармаға келіп түскен арыз-өтініштерге талдау жүргізілді.

2021 жылдың 2 айлық есебі бойынша Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 134 өтініштер түсті, оның ішінде 95-і өтініш, 3-і шағым, 4-і сұрау және 32-і ұсыныс. Оның 25-і жеке тұлғалар, 109-ы заңды тұлғалар өтініштері. Өтініштердің 134-і (100%) толық орындалды, 57 өтініш түсіндірілді, 71 өтініш қанағаттандырылды, 3 өтініш құзыреттілігі бойынша басқа мекемеге жолданды, 3 өтішін бас тартылды.

Басқармаға келіп түскен өтініштердің көтеріп отырған мәселелері:

- 24 (18%) – әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері (материалдық көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, санаторийге жолдама, жеке көмекшіге төленетін ақы мен жұмыс уақыты, мүгедектерді оқыту, мүгедектер тізімін сұрату т.б.);

- 21 (16%) - жұмыспен қамту мәселелері;

- 78 (58%) - еңбек көші-қоны, шетелдік жұмыс күшін тарту;

- 11 (8%)  -  әртүрлі мәселелер (зейнетақы, тұрғын үй мәселесі, жер, мемлекеттік сатып алу, еңбек өтілін растау, ұжымдық шарт, кәсіпкерлікпен айналысу, медициналық қамтамасыз ету, әртүрлі анықтамалар беру, еңбекақы төлеу, білім беру, халықтың жалпы тұрмыс жағдайы, гуманитарлық көмек көрсету, жер ресурстары, несиелік жүйе мәселелері және т.б.) қамтиды.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша басқарма басшысы мен оның орынбасарлары 2021 жылдың 2 айлық есебінде 2 жеке қабылдау өткізді.

Дата публикации
05 марта 2021