2019 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ БОЙЫНША БАСҚАРМАҒА КЕЛІП ТҮСКЕН АРЫЗ-ӨТІНІШТЕРГЕ ТАЛДАУ
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 10-тармағына сәйкес 2019 жылдың 12 айлық есебі бойынша басқармаға келіп түскен арыз-өтініштерге талдау жүргізілді.
2019 жылдың 12 айлық есебі бойынша Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 340 өтініштер түсті, оның ішінде 191-і өтініш, 40-ы шағым, 29-ы сұрау және 80-і ұсыныс. Оның 220-ы жеке тұлғалар, 120-ы заңды тұлғалар өтініштері. Өтініштердің 340-ы (100%) толық орындалды, 266 өтініш түсіндірілді, 46 өтініш қанағаттандырылды, 28 өтініш құзыреттілігі бойынша басқа мекемеге жолданды.
Басқармаға келіп түскен өтініштердің көтеріп отырған мәселелері:
- 208 (61%) – әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері (материалдық көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, санаторийге жолдама, жеке көмекшіге төленетін ақы мен жұмыс уақыты, мүгедектерді оқыту, мүгедектер тізімін сұрату т.б.);
- 43 (13%) - жұмыспен қамту мәселелері;
- 89 (26%) - әртүрлі мәселелер (зейнетақы, тұрғын үй мәселесі, жер, мемлекеттік сатып алу, еңбек өтілін растау, ұжымдық шарт, кәсіпкерлікпен айналысу, медициналық қамтамасыз ету, әртүрлі анықтамалар беру, еңбекақы төлеу, білім беру, халықтың жалпы тұрмыс жағдайы, гуманитарлық көмек көрсету, жер ресурстары, несиелік жүйе мәселелері және т.б.) қамтиды.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша басқарма басшысы мен оның орынбасарлары 2019 жылдың 12 айлық есебінде 59 жеке қабылдау өткізді.