СТАРТОВАЛ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ГРЕКО-РИМСКОЙ БОРЬБЕ ПАМЯТИ КАЗИ СЕРГАЛИЕВИЧА

СТАРТОВАЛ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ГРЕКО-РИМСКОЙ БОРЬБЕ ПАМЯТИ КАЗИ СЕРГАЛИЕВИЧА
Бүгін Шыңғырлау ауданының төрінде білім беру үздігі, ұлағатты ұстаз, білікті бапкер Сырымов Қази Сергалиұлын еске алуға арналған 2011–2012 ж.т. кіші жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Мұрат Өміралиев, грек-рим күресінің ардагерлері – Оразбеков Иран Мударесович пен Каирманов Нариман Жұмабаевич, сондай-ақ жергілікті спорт ардагерлері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы қатысушыларға құттықтау сөз арнап, турнирдің маңыздылығын атап өтті:
«Бұл турнир – өңіріміздің спорт саласы үшін ғана емес, ұлағатты ұстаз, білікті бапкер Қази Сергалиұлының есімін ардақтаудың айқын көрінісі. Ол өз өмірін жас ұрпақты спортқа баулуға арнап, талай балуанның қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Бүгінгі жарыс жас спортшыларға жігер беріп, олардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік боларына сенімдімін. Барша қатысушыларға сәттілік, әділ айқас, жарқын жеңістер тілеймін», – деді аудан әкімі.
Турнирге Атырау, Ақтөбе облыстарынан, көршілес Ресей Федерациясының Орынбор облысынан, Орал қаласынан және БҚО аудандарынан келген 12 команда, жалпы 150 жас балуан қатысуда.
Сырымов Қази Сергалиұлы 1957 жылдың 3 қаңтарында Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Қарағанды дене шынықтыру техникумына түсіп, оқу орны қабырғасында жүріп грек-рим күресі бойынша спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындады.
Ұзақ жылдар бойы бірқатар разрядты спортшыларды және бірнеше спорт шеберлігіне кандидаттарды тәрбиелеп шығарған білікті бапкер ретінде кеңінен танылды.