Меню

Страницы

Статья

Құрылыс саласы

Құрылыс саласына қатысты облыс және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде бірнеше рет көтерілген ауданның негізгі мәселелері шешімін табуда. Мәселен,    аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз ету үшін Шыңғырлау ауылында  3 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, қазіргі таңда газ қосу мәселесі шешілуде. Бұдан бөлек, Республикалық бюджеттен 96 млн теңге бөлініп, аудан бойынша 10 коммуналдық тұрғын үй сатып алу жоспарланып, қазіргі таңда 10 коммуналдық үй сатып алу шарттары жасақталды. Бұнымен қоса, үнемделген қаражатқа қосымша 6 коммуналдық тұрғын үйлер сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды.   Бұл жұмыстар жүзеге асқан жағдайда кезекте тұрған тұрғындарды үймен қамтамасыз ететін боламыз.

Сонымен қатар, шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін  Ақшат, Ардақ, Ақтау, Амангелді және Сегізсай ауылдарында екі пәтерлі тұрғын үй құрылысына жобалық - сметалық құжаттамалары дайын.

Одан басқа, ауданда ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Шоқтыбай ауылындағы ауыз су құбырының құрылысы аяқталып, су қысымын көтеру жұмыстары жасалып жатыр. Ал, Қарағаш ауылында су құбырының қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар іске асқаннан кейін аудан тұрғындарының 95 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Аудан халқын барынша таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қосымша  5 жобалық - сметалық құжаттамалар дайындап қойдық. (Қайынды,  Ұрысай, Ақсуат, Сегізсай, Ақсоғым).

Аталмыш жобаларға да қаражат бөлінген жағдайда, барлық жобалар рет-ретімен іске асырылатын болады.

Дата публикации
30 апреля 2020
Дата обновления
30 апреля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

22 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Аппарат акима Чингирлауского района
Аппарат акима Чингирлауского района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы