Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 26 қыркүйек күні Ақтау ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Сартов Амандык Ахылбекович, 1994 жылы туылған, Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Тасименов Руслан Отаргазиевич, 1981 жылы туылған, Ақтау ауылдық округінің бас маманы, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
3. Тургалиев Сагидулла Батырович, 1962 жылы туылған, Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.