Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай – ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіні жөнінде хабарлайды.
Күн тәртібінде:
Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы №2, №3, №4 көшелеріне атаулар беру туралы.
Жиынның өтетін орны: Шыңғырлау ауылының Шыңғырлау мектебі.
Өтетін уақыты: 14.08.2022 жыл сағ: 10:00.