2017 жылғы 21 маусымда аудан әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары мен міндеттері аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелді.
Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары және жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітілген болатын.
Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдау кестесі апта сайын сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін, ол аудан әкімі аппараты ғимаратының көпшілікке көрнекті жерінде және аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде және faceboock әлеуметтік желісінде орналастырылды.
Ағымдағы жылы бекітілген жоспарға сәйкес, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек көрсетілді, оның ішінде:
мемлекеттік қызметшілерге 20; жеке және заңды тұлғаларға 5; азаматтардың жеке қабылдаулары 9.
Қабылдауда болған тұлғалардың сұрақтары, мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметке орналасу үшін тапсыратын жеке қасиеттерді бағалау тестінен өту бойынша мәселелер болып табылады.
2022 жылы Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілдің аудан әкімі аппаратының, дербес бөлім және ауылдык округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп кодексі және «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын» түсіндіру мәселелері бойынша, мемлекеттік қызметшілердің іс-сапардағы және қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар тәртібі туралы жадынамасын түсіндіру және таныстыру мәселелері бойынша, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдар мен қызметтік телефон коңырауларына жауап беру әдебі туралы жадынаманы түсіндіру және таныстыру мәселелері бойынша 6 кездесу өткізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жандандыру мақсатында әкімдікке тиісті әлеуметтік желі парақшаларында 5 материал жарияланды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін 3 қызметші көтермеленді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің атына мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзу бойынша арыз-шағымдар түсіп, анықталу жағдайлары болмады.
Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру және әдеп деңгейін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерінде, аудандық «Серпін» газетінің бетінде жағымсыз жарияланымдарға ұдайы мониторинг жүргізуде.
Құқықтарды қалпына келтіруге өтініш білдіргендердің ішінен азаматтардың немесе мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру және қорғау жөнінде өтініштер бүгінгі күнге тіркелмеді. Аудандық тәртіптік комиссиясына әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша материал түскен жоқ.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көпшілік шаңғы тебуден эстафеталық жарыс өтті. Қысқы балық аулаудан аудандық жарыс өтті. Шыңғырлау ауданы әкімінің кубогіне арналған баскетболдан ерлер арасында аудандық чемпионат өткізілді. Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік мекемеде қызмет ететін әйелдер командалары арасында аудандық турнир ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті.
Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен ауданның орталығында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндерінің кешкі сағ19:30 дан сағ.21:00 аралығында мемлекеттік қызметілер арасында волейбол, баскетбол және теннис спорттық ойындары өткізілуде.
Әр мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс.
Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратынының басшысы,
Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратынының әдеп жөніндегі уәкілі