Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2022 жылғы 26 cәуір күні өзін-өзі ұсынуымен: Айсиев Жаскайрат Ганиевич, Қабибуллиев Нұрқанат Ғайсаұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ащысай ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкестігін анықтайтын болады.