
Жумиев Мейрхан Манасұлы 1987 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақ. Отбасылы. Бір бала тәрбиелеуде.
2008 жыл –Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген.
2012 жыл- Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қуағаш орта негізгі мектебінде педагог-психолог болып қызмет атқарады.
Сайлауалды бағдарламасы
1. 2022 жылы Қарағаш және Ақсуат ауылдарына таза ауыз су жүйесінің жүргізілуне ықпал етемін; (Жол Картаның 32, 33 тармақтары)
2. 2023 жылы Қайынды ауылына таза ауыз су жүйесінің жүргізілуне ықпал етемін; (Жол Картаның 29 тармағы)
3. 2024 жылы Қарағаш ауылына 2 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысын жүргізуге ықпал етемін; (Жол Картаның 37 тармағы)
4. 2025 жылы Қайынды ауылына фельдшерлік-акушерлік пункт салуға ықпал етемін; (Жол Картаның 41 тармағы)
5. 2025 жылы Қуағаш мектебінің интернет жылдамдығын күшейтуге ықпал етемін; (Жол Картаның 55 тармағы)
Мен бюджеттің шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
2022 жылы Қарағаш ауылына демеушілердің қолдауымен спорттық «Workout» алаңын салуға;
Ақсуат және Қарағаш ауылдарына балалар ойын алаңын салуға;
2022 жылы демеушілердің қолдауымен Қарағаш ауылы саябағының ішінің абаттандырылуына;
күшімді саламын.
Ауыл тұрғындарын егін және бау-бақшамен айналысуға тартуға;
Ұлы Отан соғысының батыры Бисенғали Мұханбетовтың және ауған соғысының батыры Дидар Хамитовтың мәдени-рухани мұраларын насихаттауға.
үлесімді қосамын.
#BizBirgemiz