
Дауленов Нұрғали Мақсотұлы 1973 жылы 9 қазанда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Жана-Тұрмыс ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақ.
2002 жыл - Ақтөбе мемлекеттік емес менеджмент, бизнес және құқық "Нұр" институтын, юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.
02.09.1990-01.10.1990 №18 Шыңғырлау арнайы кәсіптік-техникалық училищесінің жұмысшы,
01.04.1994-18.03.2003 Шыңғырлау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы-санитарлық дәрігердің көмекшісі,
18.03.2003-01.12.2003 Шыңғырлау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы-заңгері,
01.12.2003-05.03.2004 Шыңғырлау аудандық сотының маманы,
23.01.2006-29.01.2009 Бөрлі аудандық әділет басқармасының бас маманы,
29.01.2009-15.11.2010 Шыңғырлау ауданының әділет басқармасының бастығы,
15.11.2010-26.07.2016 Теректі аудандық әділет басқармасының басшысы,
27.07.2016-26.01.2020 Шыңғырлау аудандық әділет басқармасының басшысы,
20.08.2020 жылдан Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы. Отбасылы. Екі баласы бар.
Сайлау алды бағдарламасы
- Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және аз қамтылған отбасыларына әртүрлі көмектерді көрсету сұрақтарымен жұмыстану;
- Қылмыстық жазасын өтеген адамдар болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- Ауылдағы экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі бақылауды, округі елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жұмыстардың жүргізуіне қатысу;
- Округі бойынша барлық қария тұрғындарына аса көңіл бөліп көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асыру;
- Әлеуметтк-экономикалық жағдайын жақсарту мәселелерымен жұмыстану;