«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шыңғырлау ауданы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат
Қазақстан өмірінің барлық салаларын және экономикасын цифрландыру – бұл әлемдік аренада озат позицияларда болу, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі болып табылады.
Осы мақсаттарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бірқатар бағыттар бойынша жыл сайын арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүруде.
Экономика салаларын цифрландыру мақсатында аудан бойынша жергілікті электрондық сауда көлемі артып, қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру бойынша шаралар кешенді жүргізілуде. Ауданның кіші және орта бизнес өкілдерінің 90% электрондық төлемдерді қабылдау жүйесіне көшті. Сонымен қатар аудан орталығындағы ірі сауда орталықтарында Каспи QR жүйесі енгізіліп, ыңғайлы жүйе тұрғындарға қызмет істеуде.
Ауданда коммуналдық қызметтердің сенімділігімен ыңғайлылығын арттыру мақсатында, интернет-банкинг бағдарламасы арқылы, коммуналдық төлемдер баламалы түрде электронды төлеу жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мақсатында ауданның шаруа қожалықтары электрондық бақташы жүйесін іске қосты. 11 шаруа қожалық күн батереясын орнатып, баламалы қуат көзін бағындырып отыр. Сондай сияқты аудан бойынша малдарға GPS-чип орнату жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Бұл жұмыстар өз кезегінде өнімнің сапасын арттыруды, мал ұрлығын болдырмауды, сондай-ақ өндірістік процеске адамның қатысуын қысқартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстарды жалғастырып, жоғарыда көрсетілген цифрландыруды көзге алған шаруа қожалықтарының үлесін арттыратын боламыз.
Цифрлық мемлекетке өту азаматтар мен бизнес үшін кез келген уақытта онлайн қолжетімді, ашық және қолайлы мүмкіндіктер береді. Осыған орай халық алдында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Open space» технологиясы негізінде арнайы алаң ашылды. Сыбайлас жемқорлықты азайту мен мемлекеттік органдарға елдің сенімін арттыруға бағытталған бұл кеңсенің маңыздылығы зор. Енді кез келген аудан тұрғыны осы жоба арқылы өз мәселелерін шеше алады. Кеңседе мемлекеттік қызмет беру, білім беру, халықты жұмыспен қамту, сәулет құрылыс және жер қатынастарының мамандары өз салалары бойынша халыққа қызмет етеді.
Сонымен қоса ауданның инвестициялық әлеуетті көрініс тапқан chingirlau.smartmap.kz интерактивті инвеститциялық картасы іске қосылды. Аталмыш жұмыстарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млн. жуық қаражат жұмсалды. Ендігі кез-келген әлеуетті инвестор ғаламтор арқылы аудан аумағындағы бос жерлерді, инвеститциялық жобаларды және тағы басқа мәліметтерді карта арқылы көруге мүмкіндік алып отыр.
Сонымен қатар «Smart City» – «Ақылды қала» халықаралық форматы негізінде «Smart Chingirlau» жобасын енгізілді. Бұл жоба да жергілікті бюджеттен қаражат есебінен жүзеге асты. Жобаның ең басты мақсаты, аудан халқының өмір сүру сапасын жақсарту және аудан тұрғындарының ауданның тыныс-тіршілігіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Цифрлық Жібек жолын іске асыру оның ішінде ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бағадарламаның ең басты тетіктерінің бірі болып табылады. Қарағаш, Ақтау, Ардақ және Шоқтыбай елді-мекендері ұялы байланыспен қамтылды. Аталмыш ауылдық округтердегі есептік кездесулерде бұл мәселе күн тәртібінен түспей келген, ендігі аталмыш шалғай жатқан ауылдарға байланыс арнасы келіп отыр. Сонымен қатар Ащысай, Ақшат, Ақбұлақ, Алмаз және аудан орталығы Шыңғырлау ауылы жоғары жылдамдықты 4G байланыс жүйесіне қосылды. Бүгінгі күні барлық орталық ауылдық округтер 100% ұялы байланыс желісімен қамтылды. Сонымен қоса байланыс арнасы сапасыз елді мекендерге көңіл бөліп, жақсарту мақсатында жұмыстар үнемі жүргізілуде.
Аудан ортылығы Шыңғырлау ауылының бірқатар мемлекеттік және әлеуметтік нысандарына талшықты-оптикалық байланыс желісі (ВОЛС) жүргізілді. Алдағы уақытта басқада мекемелерге қосу шаралары жүргізілетін болады. Сонымен қатар жоспарға аудан орталығынан басқа ауылдық округтерге талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін жоспарға енгізуге жұмыстанатын боламыз.
Пандемияға байланысты аудандағы жеке кәсіпкерлер өз жұмысын уақытыша тоқтатылғаны өздеріңізге мәлім. Соның негізінде елімізде жаңа технологияларды пайдалану арқылы келушілердің жағдайын бақылайтын «Ашық» бағдарламасы іске қосылған болатын. «Ашық» бағдарламасын мобильді қосымшаны жүктеп жұмыс жасау, өте қолайлы, ыңғайлы, әрі ауруды таратпаудың , жұқтырмаудың бірден-бір амалы екендігі дәлелденіп отыр. Бүгінгі күні бірқатар аудандағы жеке кәсіпкерлер аталмыш жүйеге тіркеліп отыр. Ендігі осы жүйені қолданатын мекемелердің үлесін арттыратын боламыз.
Цифрландыру бойынша бағыттардың бірі бейнебақылау желісін кеңейту болып табылады.
Бейнебақылау камералары көшелерде тұрмыстық қалдықтарды, күл-қоқыстарды белгіленбеген жерге заңсыз төгуге тыйым салу мен бақылау үшін және көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ыңғайлы жүйе.
Жалпы аудан орталық көшелерінде 14 камера орнатылған. Алдағы уақытта мұның санын көбейту жоспарымызда бар.
Адами капиталды дамыту халықтың жаңа құзыреттері мен цифрлық сауаттылығын дамыту білім берудегі инновациялар арқылы мүмкін болады. Осы бағытта әлемдегі жағдайларға байланысты тұрғындарды оқыту жұмыстары жаппай емес дербес түрде жүргізіліп келеді. Арнайы оқыту бағдарламасымен қамтылған интернет портал арқылы аудан бойынша осыған дейін 500-ден астам адам оқыту курсынан өткен болатын. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштенде көп адамды оқытуды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары тез және сапалы қызмет алу мақсатында 8 ауылдық округ әкімі аппараттары жанынан өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары және Шыңғырлау ауылында ашық әкімдік қызмет көрсету орны ашылып, қазіргі таңда тұрақты жұмыс жасауда. Әсіресе, пандемия кезінде жыл басынан бері аудан тұрғындары аталмыш қызмет көрсету бұрыштары арқылы 3609 қызметтер алды.
Коронавирус індетін алдын алу мақсатында пробация қызметтерінде биометриялық терминалдарды орнату қажеттілігі туындаған еді.
Аталмыш терминалдың жүйесіне сотталғандар туралы мәліметтер енгізіліп, тіркелуге келген кезде сотталғандардың беті мен қол саусақтарын сәйкестендіруді сканерлеу арқылы жүргізілетін болады.
Осы жұмысты іске асыру мақсатында 1 биометриялық терминалдар сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда айтылғандай, аталмыш биометриялық терминалдар сотталғандардың тарапынан арандатушылық жағдайларды болдырмауына және пробация қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық белгілерінің алдын алуға өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Аудандағы атқарылып жатырған жұмыстардың ашықтығын айқындайтын тағы бір маңызды іс, ол жер конкурстарының онлайн арқылы өткізілуі. Бұл жерде конкурсқа өтінім қалдырған тұлғалар, әлеуметтік желілерді қолданушылар конкурс барысын еш кедергісіз көруге мүмкіндік алады.