Шыңғырлау ауданы әкімдігінің «Ашық әкімдік» алаңында аудан тұрғындары үшін алты дербес бөлім мамандары және екі азаматтық қызметкерлер қызмет көрсетеді. Соның ішінде: аудандық жер қатынастары бөлімі-16, аудандық сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі-4, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі-4, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-15, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі-4, аудандық білім беру бөлімі-11, барлығы 54 жуық қызмет түрін көрсетеді. Сонымен қатар аудан әкімінің қабылдауы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.