Өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен 331,5 млн.теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 81,7% құрады.
Негізгі капиталға инвестиция 2508,2 млн.теңгені құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңі деңгейіне 123,5% құрады.
Ауданда 357 шаруа қожалығы тіркелген, олардың ішіндегі жұмыс істейтіні – 349 бірлік (тіркелгендерден 97,8%), жұмысшылардың саны 349 адам. Орташа алғанда әрбір ШҚ-на 1 жұмысшыдан келеді.
3.1. Мал шаруашылығы.
2020 жылдың 1 қазанына аудан бойынша тірі салмақта 2998,6 тонна ет өндірілді, сүт – 13792,2 тонна, 3264,4 мың дана жұмыртқа, 2019 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырсақ өсімі сәйкесінше 100,3%, 101,5% және 102,0% құрады.
бас
|
01.10.2019 жыл |
01.10.2020 жыл |
01.10.2020 жыл 01.10.2019 жылдың %-на |
|
|
Ірі қара мал |
32295 |
35209 |
109,0 |
|
Соның ішінде сиыр |
16019 |
16147 |
100,8 |
|
Қой мен ешкі |
42430 |
43979 |
103,7 |
|
Шошқа |
416 |
225 |
54,1 |
|
Жылқы |
6347 |
7098 |
111,8 |
|
Түйелер |
58 |
58 |
100,0 |
|
Құс |
46485 |
46802 |
100,7 |
3.2. Өсімдік шаруашылығы.
Дәнді дақылдардың 4227 гектары шабылып, орташа түсім 19,0 ц/га, жалпы өнім 8025 тонна құрады.
Майлы дақылдар 3934 га жиналды, орташа түсім 5,1 ц/га, жалпы өнім 2008,2 тоннаны құрайды.
Картоп 90 га алқаптан жиналды, өнімділігі 129,0 ц/га, жалпы өнім 1161 тоннаны құрайды.
Көкөніс 45 га алқаптан жиналды, өнімділігі 150,0 ц/га, жалпы жиналымы 675 тонна.
Бақша дақылдары 80 га аумақтан жиналды, түсімі 124,0 ц/га, жалпы өнімі 992 тонна.
Шағын бизнестің 47 заңды тұлғалары тіркелді, олардың 42-і жұмыс істейді. Шағын бизнестің қызмет етуші субъектілерінің басым үлесінің тіркелгендерге қатынасы 89,4% құрайды. Оларда жұмыс істейтіндердің саны 96 адам. 2019 жылдың 1 қазанына 41 заңды тұлғалар тіркелді, жұмыс істейтіні – 27, жұмысшылар саны – 89 адам.
632 бірлік шағын бизнестің жеке тұлғалары тіркелген, олардың жұмыс істейтіндері – 582, жұмысшылар саны 646 адам. 2019 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 651 шағын бизнестің жеке тұлғалары тіркелді, олардың нақты жұмыс істейтіні – 607, жұмысшылар саны – 648 адам.
2020 жылдың 1 қазанына шағын бизнес саласында жұмысшылар саны – 742 адам (2019 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 100,7%).
Нақты жұмыс істейтін шағын бизнестің шаруашылық субъектілерімен өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметінің көлемі 3284,1 млн. теңге (2019 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 102,1%).
Шағын бизнес субъектілерінен аудан бюджетіне 44348,8 мың теңге мөлшерінде салық түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан 5156,6 мың теңге, жеке тұлғалардан 39192,2 мың теңге.
Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 68,3 млн.теңгені немесе 2019 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 27,4% құрады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2942,7 млн. теңгені құрады, 2019 жылдың сәйкесті кезең деңгейінен 79,4%-ды құрады.
6.1. Білім беру
Аудан бойынша 16 мектеп жұмыс істейді, соның ішінде: жалпы орта білім беретін мектеп – 6, негізгі мектеп – 7, бастауыш мектеп – 3 бірлік. Ауданда 2029 бала 209 сынып-жинақтарында оқиды. Мектепке дейінгі мекеме саны – 8, онда 497 бала тәрбиеленеді. Одан басқа 3 мектеп балабақшасында 65 бала тәрбиеленеді.
Мектептен тыс 953 бала оқитын 3 мекеме бар.
Ауданның барлық мектептеріне телефон өткізіліп, интернет жүйесіне қосылған.
Жалпы білім беру қорынан 14969,1 мың теңге сомасына 568 баланы ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, жазғы демалысқа және аз қамтылған отбасы балаларына киім сатып алуға көмек көрсетілді.
Қайыңды, Жаңакүш, Ұрысай бастауыш мектептерінде, Жаңатұрмыс, Амангелді, Ақсуат, Cегізсай Қуағаш негізгі мектептерінде 8 шағын орталық жұмыс істейді.
Ақшат ауылындағы А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 520002,0 мың теңге бөлінді, 486709,7 мың теңге игерілді.
170 оқушы контингенті бар колледж жұмыс істейді.
6.2. Денсаулық сақтау.
Аудан бойынша 19 емдеу алдын-алу мекемесі қызмет көрсетеді, соның ішінде: аудандық аурухана, емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 11 медициналық пункт кіреді, 5 фельшер-акушерлік пункті. Жалпы дәрігерлер саны 28, орта медицина қызметкерлердің саны 119 адам. Күндізгі стационарда 46 төсек орын, тәуліктік стационарда 40 төсек орын бар.
6.2.1. Эпидемиологиялық ахуал
Ауыл халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында шаралар атқарылуда. 2020 жылға сақтандыру егу жоспарына сәйкес әрбір елді мекенде тұрғындар арасында полиомелит, қызылша, сіреспе, дифтерия және т.б. инфекциялық ауруларға егулер жасалды.
7.1. Мәдениет
Мәдениет бөлімі бойынша 19 кітапхана, 15 клубтық мекеме, 1 мұражай, 1 киноқондырғы жұмыс жасайды.
Шыңғырлау МКҚК «Мәдениет демалыс орталығы» ұйымдастыруымен 140 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, оған 52050 көрермен қатысты.
Мәдени ошақтарда 106 үйірме жұмыс жасайды, оған 873 адам қатысады.
Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 2020 жылдың 1 қазанына: оқырмандар саны – 4510 адам, кітап берілімі – 100265 бірлік, кітапханаға келушілер саны – 61200 оқырман, өткізілген шаралар саны – 890, қатысқандар саны – 10967 адам. Кітап қоры 302675 данадан тұрады.
Облыстық бюджеттің ішкі көздерінен берілген несиелер есебінен Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйінің құрылысына 188947,0 мың теңге (65000,0 мың. теңге игерілді), Шыңғырлау ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге - 115652,0 мың теңге бөлінді (70609,0 мың. теңге игерілді).
7.2. Спорт
Ауданда селолық округтер бөлімдерінде филиалдары бар 436 спортшы тәрбиеленетін жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс жасайды. Тұрақты түрде спорттық іс-шаралар жүргізіліп тұрады. БЖСМ оқушылары облыстық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Ауданда 2011 зейнеткер, 319 мүгедек тұрады. Кедей отбасылардың саны 22 бірлік. Жұмыссыздар саны 470 адамды құрайды (2019 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 27,0% жоғары). Ресми жұмыссыздық деңгейі 5,51%-ды құрайды. Жыл басынан бері 345 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
36 отбасыға (155 адам) 7298,7 мың теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және көрсетілді. Азық-түлік жиынтығына АӘК алушылар арасынан балаларға 1404,6 мың теңге аударылды. Азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарға өтемақы бағдарламасы бойынша 878 алушыға 18537,0 мың теңге сомасында көмек көрсетілді.
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 8 балаға 392,9 мың теңге төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік төлемдер 425 адамға 19950,0 мың теңге төленді. 64 алушыға 7829,1 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.
«Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес тіл мамандарының қызметін көрсету, жеке көмекшілермен мұқтаж мүгедектерге арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 9528,5 мың теңге игерілді.
628 жаңа жұмыс орны құрылды.
Қоғамдық жұмыстарға 291 адам бағытталды, республикалық бюджет есебінен 21245,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 9789,0 мың теңге есептелді және төленді.
Кәсіптік оқуға 16 адам бағытталды, 1858,0 мың теңге игерілді
9.1. Газдандыру
2020 жылдың 1 қазанына газ құбыры Ащысай, Талдысай, Мырзағара, Амангелді, Жіңішке, Шоқтыбай, Жаңакүш, Қызылкөл, Ұрысай, Ақсұғым, Ақбұлақ, Ардақ, Ақтау, Алмаз, Ақшат, Қарағаш, Сегізсай, Қайыңды, Ақсуат және Шыңғырлау селосында, мектептер, аурухана және басқа да объектілерден өтіп, тұрғын үйлерді газдандыру жалғасуда.
9.2. Сумен жабдықтау
Алмаз ауылында су құбырының құрылысына республикалық бюджет трансферттері есебінен 254354,0 мың теңге, облыстық бюджет трансферттері есебінен - 56778,0 мың теңге бөлінді. Республикалық бюджет трансферттері есебінен 157111,0 мың теңге, облыстық бюджет трансферттері есебінен - 26778,0 мың теңге игерілді.
Ақтау ауылындағы су құбырын қайта құруға облыстық бюджеттің ішкі көздерінен берілген несиелер есебінен-160314,0 мың теңге бөлінді, 65000,0 мың теңге игерілді.
Ардақ ауылындағы су құбырын қайта құруға облыстық бюджеттің ішкі көздерінен берілген несиелер есебінен 135518,0 мың теңге бөлінді, 60000,0 мың теңге игерілді.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылының су құбырының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша комплексті ведомстводан тыс сараптама өткізуге аудандық бюджет есебінен 1298,0 мың теңге бөлінді.
"БҚО Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылындағы су құбырының құрылысы" жұмыс жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге аудандық бюджет есебінен 30,0 мың теңге бөлінді.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылының су құбырын қайта құру» жұмыс жобасы бойынша комплексті ведомстводан тыс сараптама өткізуге аудандық бюджет есебінен 1156,0 мың теңге бөлінді.
"БҚО Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылының су құбырын қайта жаңарту" жұмыс жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге аудандық бюджет есебінен 30,0 мың теңге бөлінді.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Ақсуат ауылының су құбырының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша комплексті ведомстводан тыс сараптама өткізуге аудандық бюджет есебінен 1288,0 мың теңге бөлінді.
"БҚО Шыңғырлау ауданы Ақсуат ауылындағы су құбырының құрылысы" жұмыс жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге аудандық бюджет есебінен 30,0 мың теңге бөлінді.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Ақсоғым ауылының су құбырының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша комплексті ведомстводан тыс сараптама өткізуге аудандық бюджет есебінен 1322,0 мың теңге бөлінді.
"БҚО Шыңғырлау ауданы Ақсоғым ауылының су құбыры құрылысы" жұмыс жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге аудандық бюджет есебінен 30,0 мың теңге бөлінді.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Ұрысай ауылының су құбырының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша комплексті ведомстводан тыс сараптама өткізуге аудандық бюджет есебінен 1342,0 мың теңге бөлінді.
"БҚО Шыңғырлау ауданы Ұрысай ауылындағы су құбырының құрылысы" жұмыс жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге аудандық бюджеттен 30,0 мың теңге бөлінді.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Қайыңды ауылының су құбырының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша комплексті ведомстводан тыс сараптама өткізуге аудандық бюджет есебінен 1279,0 мың теңге бөлінді.
"БҚО Шыңғырлау ауданы Қайыңды ауылының су құбыры құрылысы" жұмыс жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге аудандық бюджет есебінен 50,0 мың теңге бөлінд
Шыңғырлау ауылында су мұнарасы бар қысымды реттейтін құрылымның құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға аудандық бюджет есебінен 5718,0 мың теңге бөлінді.
"БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында су айдау мұнарасы бар қысымды реттеу ғимаратының құрылысы" жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге аудандық бюджет есебінен 1214,0 мың теңге бөлінді.
Шыңғырлау ауылының Тәуелсіздік көшесі бойындағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге облыстық бюджет трансферттері есебінен 44040,0 мың теңге бөлінді, толығымен игерілді.
Шыңғырлау ауылының автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге облыстық бюджет трансферттері есебінен 116476,0 мың теңге бөлінді, 116475,5 мың теңге игерілді.
"Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша Шыңғырлау ауылындағы (АҚК) автомобиль жолын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттің ішкі көздерінен берілген несиелер есебінен 190068,0 мың теңге(122000,0 мың теңге игерілді), Ақшат ауылындағы Мұхамбетов көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеуге 262891,0 мың теңге бөлінді(151000,0 мың теңге игерілді).
Шыңғырлау ауылында аудандық маңызы бар Шыңғырлау-Ақсай жол бойындағы көше желісінің құрылысына аудандық бюджет қаражаты есебінен 6900,0 мың теңге бөлінді.
Халықтың қаражаты есебінен жалпы көлемі 3012 шаршы метр 29 үй (29 пәтер) салынды, 2019 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 11,3% жоғары.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылында екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (байланыстыру)» жұмыс жобасын мемлекеттік тыс ведомствадан сараптама өткізуге аудандық бюджет қаражаты есебінен 177,0 мың теңге бөлінді.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылында екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (байланыстыру)» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға аудандық бюджет есебінен 910,0 мың теңге бөлінді.
«БҚО Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылына екіпәтерлі тұрғын үй құрылысы» жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік ведомствадан тыс сараптама жүргізуге аудандық бюджет қаражаты есебінен 262,0 мың теңге бөлінді, 261,5 мың теңге игерілді.
Ащысай ауылында 7 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттің ішкі көздерінен несие есебінен 10830,0 мың теңге бөлінді.
Шыңғырлау ауылында үш қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттің ішкі көздерінен несие есебінен - 495252,0 мың теңге
2020 жылдың 1 қазанына кірістер бойынша аудандық бюджет 105,5% орындалды, 4492,3 млн.теңге болжанғанымен, түсімдер 4739,6 млн.теңгені құрады. Шығыстар 99,9% орындалды. 4492,3 млн.теңге жоспарланғанымен, орындалу 4489,1 млн.теңгені құрады.