2026 жылдың 31 наурыз күні 2026 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі отырысы өткізілді. Отырысқа комиссия мүшелері, кандидаттар қатынасты.
Отырыс барысында комиссия төрағасы Н.Қалиев аталған округ әкімі сайлауына кандидат ретінде тіркелуге 3 тұлға ниет білдіріп, құжаттарын тапсырғандығы жөнінде, тиісінше аталған тұлғалардың құжаттары әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында құзырлы органдарға жолданып, нәтижелері алынғандығы жөнінде хабарлама жасады.
Соңынан кандидаттар тексеріс қортындыларымен таныстырылып, комиссия арқылы аталған кандидаттардың талаптарға сәйкес екендігі жөнінде хаттама рәсімделіп, шешім қабылданды. Барлық кандидаттар шешіммен таныстырылды.