Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2026 жылдың 26 наурыз күні Ащысай ауылдық округі әкіміне кандидатураларын ұсыну мақсатында өзін-өзі ұсыну жолымен Айсиев Жанбулат Гайниевичтің, Жолдыгалиев Тилектес Гасыровичтің және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы арқылы ұсынылған Юмабаев Жарас Берікқалиұлының тиісті құжаттары келіп түсті.
Өзін-өзі ұсынған Ж.Г.Айсиевтің, Т.Г.Жолдыгалиевтің және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалынан ұсынылған Ж.Б.Юмабаевтың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберілді.