Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
 
Шыңғырлау ауылы                                   №2                    2026 жылғы 18 наурыз

 


Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1), 9)-тармақшаларына және 113-1-бабының 1 тармағының 3)-тармақшасына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 26 сәуіріне тағайындалсын.
2026 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
Осы қаулының көшірмесі Шыңғырлау ауданының әкіміне жолдансын.
Осы қаулы «Серпін» аудандық қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімінің ресми интернет- ресурсында жариялансын.
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы                               Н.Калиев

Дата публикации
18 марта 2026