ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Шыңғырлау ауылы №1 2026 жылғы 18 наурыз
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің
сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармағына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Ащысай ауылдық округі аумағының шекарасында - Ащысай сайлау округі құрылсын.
2. Осы қаулы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми интернет- ресурсында және сайлау округін құру туралы хабар «Серпін» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Н.Калиев