2026-2028 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданы Ардақ ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШТІ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданының Ардақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 51 919 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 960 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 46 959 мың теңге;

2) шығындар – 51 919 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатын пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған Ардақ ауылдық округі бюджетінің түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылады.
  2. 2026 жылға арналған Ардақ ауылдық округі бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенция түсімінің жалпы сомасы 46 959 мың теңге көлемінде белгіленсін.
  3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі.

 

Мәслихат төрағасы

 

 
Дата публикации
26 декабря 2025