Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №30-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы

№30-1 «2025-2027  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №30-1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және
3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 188 319 мың теңге:

салықтық түсімдер – 920 908 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 48 587 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 383 мың теңге;

әтрансферттер түсімі – 6 209 441 мың теңге;  

2) шығындар – 7 570 568 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 112 528 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 157 280 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 44 752 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -494 777 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  –        
494 777 мың теңге:

қарыздар түсімі – 371 121 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 73 458 мың теңге;

бюджет қаражатын пайдаланылатын қалдықтары – 197 114 мың теңге.»;

          6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Аудандық бюджетте 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 3 632 610 мың теңге ескерілсін:

балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 830 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 4 565 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарға құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 21 454 мың теңге;

әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруге – 0 теңге;

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жасанды құрылыстарын паспорттауға – 2 082 мың теңге;

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының паспорттауға – 20 401 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылына су мұнарасын сатып алу және орнатуға – 26 432 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы Қайынды ауылын сумен жабдықтау үшін кешенді блок модулін орнатуға – 11 970 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы Ақсоғым ауылын сумен жабдықтау үшін кешенді блок модулін орнатуға – 5 310 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы Ұрысай ауылын сумен жабдықтау үшін кешенді блок модулін орнатуға – 11 970 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы Аққұдық ауылын сумен жабдықтау үшін кешенді блок модулін орнатуға – 5 310 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы Қотантал ауылын сумен жабдықтау үшін кешенді блок модулін орнатуға – 12 470 мың теңге;

халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын жайын сатып алу – 89 178 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған «Қаладан – Ауылға» пилоттық жобасы шеңберінде Шыңғырлау ауданында тұрғын үйді сатып алуға – 17 800 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы «Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 47-62 шқ (15 шқ) орташа жөндеуге – 1 605 676 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы «Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 62-77 шқ (15 шқ) орташа жөндеуге – 952 457 мың теңге;

«Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай» - 1 автомобиль жолын күрделі жөндеуге – 87 661 мың теңге;

«Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай» - 2 автомобиль жолын күрделі жөндеуге (түзету) – 240 378 мың теңге;

Қызылкөл-Ардақ-Ақтау автожолының 17, 31, 37-38 км.  су өткізгіш құбырын күрделі жөндеуге – 119 004 мың теңге;

Қызылкөл-Ардақ-Ақтау автожолының  40,42, 46 км су өткізгіш құбырын күрделі жөндеуге – 82 685 мың теңге;

Қайыңды-Қарағаш тас жолының 18 км су өткізгіш құбырын күрделі жөндеуге – 37 890 мың теңге;

Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай 93, 100,102 км, автожолында су өткізу құбырын күрделі жөндеуге – 49 609 мың теңге;

«Ауыл - Ел Бесігі» бағдарламасы аясында:

Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылындағы орамішілік көшелерді күрделі жөндеу – 0 теңге;    

          Шыңғырлау ауданы Алмазное ауылындағы орамішілік көшелерді күрделі жөндеу – 0 теңге;

Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылындағы 0,4 киловатт және сыртқы қондырғының-10/0,4 толық трансформаторлық қосалқы стансиясын қайта жаңартуына – 43 339 мың теңге.

          Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылындағы су құбырының құрылысы –      184 139 мың теңге.»;

           6-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «6-1.  Аудандық бюджетте 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен берілетін кредиттердің жалпы сомасы 213 841 мың теңге ескерілсін:

халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын жайын сатып алу – 23 563 мың теңге;

          жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арендалық пәтерлерді сатып алуға – 190 278 мың теңге.»; 

          11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Ауданның жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2025 жылдың 31 желтоқсанына 2 755 196 мың теңгені құрайды.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

С .Тұрғалиев

Дата публикации
21 ноября 2025