Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №31-7 «2025-2027 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №31-7 «2025-2027 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын

          «1. 2025-2027 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 51 783 мың теңге:

салықтық түсімдер – 3 085 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 48 698 мың теңге;

2) шығындар – 55 936 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 153 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 153 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатын пайдаланылатын қалдықтары – 4 153 мың теңге.»

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі.

 

Мәслихат төрағасы

 

 
Дата публикации
25 сентября 2025