Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округінде орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізбеу туралы хабарлама

Шыңғырлау ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жер комиссиясының төрағасы жер мәселелеріне жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары басқа жұмысқа ауысуына байланысты 2025 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 10:00-да ауданымызда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі жарияланған конкурс өткізілмейтінін хабарлайды.

Дата публикации
23 сентября 2025