ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ (ҚАРАҒАШ 2025)

Қазақстан Республикасының «Қазақстан   Республикасындағы сайлау  туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес  Шыңғырлау ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 15 тамыз күні Қарағаш ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Жандаулетов Бейбит Максутович, 1982 жылы туған, Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Жумиев Мейрхан Манасович, 1987 жылы туған, Қарағаш ауылдық округінің әкімі, Шыңғырлау ауданы, Қарағаш ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Шыңғырлау аудандық филиалы ұсынды;
  3. Рамазанов Бауыржан Айтжанович, 1994 жылы туған, Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің орынбасары, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

           

Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы      

Дата публикации
15 августа 2025