Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2025 жылдың 12 тамызы күні Қарағаш ауылдық округі әкіміне кандидатураларын ұсыну мақсатында өзін-өзі ұсыну жолымен Жандаулетов Бейбит Максутовичтің, Рамазанов Бауыржан Айтжановичтің, Хамитжанов Мейрім Серікқалиұлының және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы арқылы ұсынылған Жумиев Мейрхан Манасовичтің тиісті құжаттары келіп түсті.
Өзін-өзі ұсынған Б.М.Жандаулетовтың, Б.А.Рамазановтың, М.С.Хамитжанның және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалынан ұсынылған М.М.Жумиевтің барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.