Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылдың 30 шілдедегі №6 қаулысы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің

сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармағына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қарағаш ауылдық округі аумағының шекарасында - Қарағаш сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми интернет- ресурсында және сайлау округін құру туралы хабар «Серпін» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

  

Төраға                                                 Н.Калиев

Хатшы                                               С.Шорабаев

Дата публикации
30 июля 2025