Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылдың 30 шілдедегі №7 қаулысы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1), 9)-тармақшаларына және 113-1-бабының 1 тармағының 3)-тармақшасына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 7 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2025 жылдың 7 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Шыңғырлау ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы «Серпін» аудандық қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімінің ресми интернет- ресурсында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Төраға                                                    Н.Калиев

Хатшы                                                    С.Шорабаев

Дата публикации
30 июля 2025