ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 30 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Ақбұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:

Ақбұлақ сайлау округі бойынша:

Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 2-уі өзін-өзі және 1-уі «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы ұсынды.

Ағымдағы жылғы 30 наурызына сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%);

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 4 сәуірдегі №14 аудандық «Серпін» қоғамдық – саяси  газетінде жарияланатынын хабарлайды.

Н.Калиев

Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Дата публикации
30 марта 2025