Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2025 жылдың 18 наурыз күні Ақбұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін өзін-өзі ұсынған Мусин Калап Берниязович, Саркулов Есен Максотович және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалынан Хамиев Мерлан Сагидуллович ұсынылып, тиісті құжаттары түсті.
Өзін-өзі ұсынған К.Б.Мусиннің, Е.М.Саркуловтың және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалынан ұсынылған М.С.Хамиевтың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.