Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылдың 12 наурызындағы №4 қаулысы
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1), 9)-тармақшаларына және 113-1-бабының 1 тармағының 3)-тармақшасына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 20 сәуіріне тағайындалсын.
- 2025 жылдың 20 сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Шыңғырлау ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы «Серпін» аудандық қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімінің ресми интернет- ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Н.Калиев
Хатшы С.Шорабаев