Шыңғырлау ауданы бойынша Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пунктердің тізбесін кеңейту туралы

Шыңғырлау ауданы бойынша Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пунктердің тізбесін кеңейту туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4-тарауының 31-тармағына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, Шыңғырлау ауданы бойынша көру қабілеті нашар және жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пунктердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес кеңейтілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                        М.Өмірәлиев

Дата публикации
10 февраля 2025