ЖОБА
Шыңғырлау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№ ______ «____» _____________ 2025 жыл
Шыңғырлау аудандық мәслихатының «Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 қарашадағы № 11-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Шыңғырлау аудандық мәслихатының «Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 қарашадағы №11-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7288-07 болып тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тарау 6-тармақ 31-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«31) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде.».
Сессия төрағасы
Шыңғырлау аудандық
мәслихат төрағасы С.Тургалиев