ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ АҚШАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 9 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Ақшат ауылдық округінің әкімдіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:

Ақшат сайлау округі бойынша:

Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 2-уі өзін-өзі және 1-уі «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалымен  ұсынылды.

Ағымдағы жылғы 9 ақпандағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%);

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 13 ақпандағы №7 аудандық «Серпін» қоғамдық – саяси  газетінде жарияланатынын хабарлайды.

Н.Калиев

Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Дата публикации
09 февраля 2025