Кандидаттардың ұсынуы туралы ақпарат - 04.02.2025 жыл

Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2025 жылдың 3 ақпаны күні Ақшат ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін өзін-өзі ұсынған Асанов Ринат Саинович, Ислямкулов Камидулла Темарбекович және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалынан Айшуаков Ерлан Маликович ұсынылып, тиісті құжаттары түсті.

        Өзін-өзі ұсынған Р.С.Асановтың, К.Т.Ислямуловтың және «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалынан ұсынылған Е.М.Айшуковтың  барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберілді.

Дата публикации
03 февраля 2025