2021 жылғы 28 қарашада Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шыңғырлау аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қарағаш сайлау округі
Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:сайлаушылар тізіміне 346 азамат енгізілді.
Дауыс беруге 346 сайлаушының 342-і қатысты (98,8%)
Әрбір кандидат үшінберілгендауыстар саны:
Дауленов Н.М. –4 (1,2 %); Жумиев М.М. –323 (96,7); Сағынбай Д.Е. –7 (2,1).
Қарағаш ауылдық округінің әкімі болып Жумиев Мейрхан Манасович сайланды. 1987 жылы туған. Қуағаш мектебінің психологі. БҚО Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылының тұрғыны. "Nur Otan" партиясы ұсынды, "Nur Otan"партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.