Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1 тармақ 1) тармақшасына сәйкес Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 2 наурызына тағайындалсын.
- 2025 жылдың 2 наурызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Шыңғырлау ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы «Серпін» аудандық қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімінің ресми интернет- ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Н.Калиев
Хатшы С.Шорабаев