2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

04.09.2024 ж. №7

 

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес және «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығы негізінде Шыңғырлау ауданының аумақтық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Учаскелік референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға:                                                        Н.Қалиев

Дата публикации
07 сентября 2024