Шыңғырлау ауданының әкімдігі 2020 жылғы 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағ. 11:00-де үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін нысаналы мақсатымен жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөнінде www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Жер учаскелерін жалдау құқығын сату Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.