Түсіндірме жазба
Аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 24 желтоқсандағы № 03-109/1 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес 2020 жылдың 3 айында Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөліміне жүргізілді.
Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі № 983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Шыңғырлау ауданының (8) ауылдық округ әкімі аппараттары және (9) дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2020 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша жалпы - 960 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
Жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 203
«электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 68
Қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны - 698
мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 7
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі: «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне және басқада нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында облыс әкімідігіне қажеттілігіне қарай ұсыныстар жолдануда.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, фактілері орын алған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатысуымен, жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.
Қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің хабардарлығын арттыру мақсатында бекітілген медиа – жоспарға сәйкес аудандық «Серпін» газетінде және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар топтамасы жарияланатын болады.
Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында жұмыс жасауда.