Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылдың 3 наурыз күні Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 наурыздағы №16 шешімімен Бркенова Саида Жумайқызы, 1968 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы