Ардақ ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылдың 3 наурыз күні Ардақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 наурыздағы  №17 шешімімен Сатыбалдиев Мәди Жанғалиұлы, 1975 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы ұсынды, Ардақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 марта 2024