Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2024 жылғы 11 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Ардақ ауылдық округінің әкімдіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:
Ардақ сайлау округі бойынша:
Шыңғырлау ауданы Ардақ ауылдық округі бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, 4-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 11 ақпандағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (75%), 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды (25%);
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2024 жылғы 16 ақпандағы №7 аудандық «Серпін» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Н.Калиев
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы