Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 10 ақпан күні Ардақ ауылдық округінің әкімі лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Ермуханов Асхат Саинович 1977 жылы туған, Ақшат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ақшат ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынды.
- Каиржанов Нурлыбек Каирбекович 1995 жылы туған, Шыңғырлау ауданының жастар жөніндегі ресурстық орталығының директоры, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынды
- Сатыбалдиев Мади Жангалиевич 1975 жылы туған, Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында тұрады, «AMANAT»партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық филиалы ұсынды.
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы