Шыңғырлау ауданының 2023 жылдың 1 желтоқсанына әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы МӘЛІМЕТТЕР

Шыңғырлау ауданының 2023 жылдың  1 желтоқсанына

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

МӘЛІМЕТТЕР    

 

  1. 1. Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен 412,1 млн.теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 121,1 % құрады.

 

  1. Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5666,7 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,5 есе жоғары.

 

  1. 3. Ауыл шаруашылығы

            Ауданда 554 шаруа қожалығы тіркелген, олардың  ішіндегі жұмыс істейтіні – 554 бірлік (тіркелгендерден 100%), жұмысшылардың саны 554 адам. Орташа алғанда әрбір ШҚ-на 1 жұмысшыдан келеді.

            3.1. Мал шаруашылығы.

            Аудан бойынша тірі салмақта 4096,9 тонна ет өндірілді, сүт – 15831,9 тонна, 3555,2 мың дана жұмыртқа, 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен сәйкесінше 105,2%, 100,8% және 100,4% құрады.

 

                                                                                                                                              бас                                   

 

 

01.12.2022 жылға

 

01.12.2023 жылға

01.12.2023 жыл   01.12.2022 жылдың %-на

Ірі қара мал

45997

53311

115,9

Соның ішінде сиыр

22299

26131

117,2

Қой мен ешкі

44597

48186

108,0

Шошқа

150

159

106,0

Жылқы

9 119

10944

120,0

Түйелер

60

64

106,7

Құс

48023

49 860

103,8

 

3.2. Өсімдік шаруашылығы.  

7716 га астық жиналды, орташа өнімділігі 18,6 ц / га жалпы алым 14383,9 тоннаны құрайды.

4493 га алаңда майлы дақылдар жиналды, орташа өнімділігі 11,7 ц / га жалпы алым 5247,8 тоннаны құрайды.

Картоп 100 га алқапта жиналды, өнімділігі 128,0 ц/га, жалпы жиналымы 1280 тонна.

50 га алқапта көкөніс жиналды, өнімділігі 151,0 ц/га, жалпы жиналымы 754,5 тонна.

50 га алқапта бақша дақылдары жиналды, өнімділігі 143,0 ц/га, жалпы жинау 715,1 тонна.

 

  1. Шағын кәсіпкерлік

            Шағын бизнестің 83 заңды тұлғалары тіркелді, олардың 72 жұмыс істейді. Шағын бизнестің қызмет етуші субъектілерінің басым үлесінің тіркелгендерге қатынасы 86,7% құрайды. Оларда жұмыс істейтіндердің саны 102 адам. 2022 жылдың 1 желтоқсанына 76 заңды тұлғалар тіркелді, жұмыс істейтіні – 67, жұмысшылар саны – 99 адам.

            982 бірлік шағын бизнестің жеке тұлғалары тіркелген, олардың жұмыс істейтіндері – 982,  жұмысшылар саны 1005 адам. 2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 786 шағын бизнестің жеке тұлғалары тіркелді, олардың нақты жұмыс істейтіні – 714, жұмысшылар саны – 816 адам.

2023 жылдың 1 желтоқсанына шағын бизнес саласында жұмысшылар саны – 1107 адам (2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 121,0 %).

Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілері 6248,0 млн. теңге сомасына өнім, жұмыстар мен қызметтер өндірді.

             Шағын бизнес субъектілерінен бюджетке 60439,5 мың теңге сомаға төлемдер түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан 24161,3 мың теңге, жеке тұлғалардан 36278,2 мың теңге.

 

  1. Сауда (тауар айналымы)

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 136,4 млн.теңгені немесе 2022 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 101,8% құрады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 6302,5 млн. теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкесті кезең деңгейінен 102,8 %-ды құрады.

 

  1. Әлеуметтік сала

6.1. Білім беру 

Аудан бойынша 14 мектеп жұмыс істейді, соның ішінде: жалпы орта білім беретін мектеп – 6, негізгі мектеп – 7, бастауыш мектеп – 1 бірлік. Ауданда 2068 бала 198 сынып-жинақтарында оқиды. Мектепке дейінгі мекеме саны – 8, онда 521 бала тәрбиеленеді. Одан басқа 3 мектеп балабақшасында 58 бала тәрбиеленеді.

           Мектептен тыс 976 бала оқитын 3 мекеме бар.

Ауданның барлық мектептеріне телефон өткізіліп, интернет жүйесіне қосылған.

  • Қайыңды бастауыш мектебінде, Жаңатұрмыс, Амангелді, Ақсуат, Сегізсай, Қуағаш негізгі мектептерінде 6 шағын орталық жұмыс істейді.
  • 113 оқушы контингенті бар колледж жұмыс істейді.
  •  
  • 2. Денсаулық сақтау

Аудан бойынша 18 емдеу алдын-алу мекемесі қызмет көрсетеді, соның ішінде: аудандық аурухана, емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 10 медициналық пункт кіреді, 5 фельшер-акушерлік пункті. Жалпы дәрігерлер саны 22, орта медицина қызметкерлердің саны 111 адам. Күндізгі стационарда 46 төсек орын, тәуліктік стационарда 40 төсек орын бар.

             

6.2.1. Эпидемиологиялық ахуал

Ауыл халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізіледі. Полиомиелит, қызылша, сіреспе, дифтерия және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу үшін халық арасында 2023 жылға арналған профилактикалық егу жоспарына сәйкес иммундау жүргізілді.

 

  1. Ақпараттық кеңістік             

          7.1. Мәдениет

Мәдениет бөлімі бойынша 19 кітапхана, 15 клубтық мекеме, 1 мұражай, 1 киноқондырғы жұмыс жасайды.

Шыңғырлау МКҚК «Мәдениет демалыс орталығы» ұйымдастыруымен 856 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, оған 70550 көрермен қатысты.

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 2023 жылдың 1 желтоқсанына оқырмандар саны – 10176 адам, кітап берілімі – 243283 бірлік, кітапханаға келушілер саны – 133801 оқырман, өткізілген шаралар саны – 1005, қатысқандар саны – 13366 адам. Кітап қоры 307356 данадан тұрады.

 

            7.2. Спорт

Ауданда селолық округтер бөлімдерінде филиалдары бар 437 спортшы тәрбиеленетін жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс жасайды. Тұрақты түрде спорттық іс-шаралар жүргізіліп тұрады.  БЖСМ оқушылары облыстық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Шыңғырлау ауылында ашық стадион салуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 50448,0 мың теңге бөлінді, 21365,5 мың теңге игерілді.

Шыңғырлау ауылында ашық стадионның құрылысына ЖСҚ жасауға аудандық бюджет қаражаты есебінен 2812,0 мың теңге бөлінді, 2811,8 мың теңге игерілді.

 

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау

Ауданда 1955 зейнеткер, 319 мүгедек тұрады. Кедей отбасылардың саны - 23. Жұмыссыздар саны 474 адамды құрайды (2022 жылғы тиісті кезең деңгейінен 27,8 % - ға жоғары). Ресми жұмыссыздық деңгейі 5,60% құрады. Жыл басынан бері 513 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

            23 отбасыға (109 адам) 8529,9 мың теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және көрсетілді. Азық-түлік жиынтықтары үшін АӘК алушылар қатарындағы балаларға 1530,4 мың теңге аударылды.

        Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 6 балаға 424,4 мың теңге төленді.

        Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік төлемдер 285 адамға 16584,1 мың теңге төленді.

38 алушыға 2805,1 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

            689 жаңа жұмыс орны құрылды.

            Қоғамдық жұмыстарға 110 адам бағытталды.

            Кәсіптік оқуға 15 адам жіберілді.

 

  1. Газдандыру

2023 жылдың 1 желтоқсанына газ құбыры Ащысай, Талдысай, Мырзағара, Амангелді, Жіңішке, Шоқтыбай, Жаңакүш, Қызылкөл, Ұрысай, Ақсұғым, Ақбұлақ, Ардақ, Ақтау, Алмаз, Ақшат, Қарағаш, Сегізсай, Қайыңды, Ақсуат және Шыңғырлау селосында, мектептер, аурухана және басқа да объектілерден өтіп, тұрғын үйлерді газдандыру жалғасуда.

 

  1. Сумен жабдықтау

Қарағаш ауылындағы су құбырын қайта жаңартуға "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 112600,0 мың теңге, Ұлттық қордан бөлінетін трансферт есебінен- 14062,0 мың теңге, облыстық бюджеттен берілетін трансферт есебінен-31666,0 мың теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 81274,2 мың теңге, Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен - 14061,9 мың теңге, облыстық бюджеттен берілетін трансферт есебінен 6998,7 мың теңге  игерілді.

Шоқтыбай ауылында су құбырын салуға облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 43788,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен – 100,0 мың теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 43788,0 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты есебінен – 89,8 мың теңге игерілді.

 

  1. Жолдар

Шыңғырлау ауылындағы Қазақстан, С.Датов, Луговая, Ақсай, Молдағұлова, Рахимов, С.Есқалиев көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 290486,0 мың теңге, 290287,8 мың теңге игерілді.

Шыңғырлау ауылындағы Целинная, Победа, Ю.Гагарин, М. Өтемісов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 207917,0 мың теңге бөлінді, 207705,4 мың теңге игерілді.

Шыңғырлау ауылындағы Д.Хамитов, М.Маметова, Ғ. Мұратбаев, Амангелді көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 369686,0 мың теңге бөлінді, 369365,3 мың теңге игерілді.

Шыңғырлау ауылындағы Қонақай, Д.Бесчасов, М. Жуков, Казимов көшелерінің автомобиль жолын күрделі жөндеуге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 394056,0 мың теңге бөлінді, 393710,2 мың теңге игерілді.

«Шынгырлау-Ақшат-Сегізсай1» автожолын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттің трансферттері есебінен - 889824,0 мың теңге бөлінді, 642101,1 мың теңге игерілді.

Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын орташа жөндеуге 105-110 км (5 км) облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 155751,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 12,6-17 км (4,4 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 171688,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 17-32 км (15 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 587006,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

Аудандық маңызы бар "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" автожолын 32-47 км (15 км) орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 850982,0 мың теңге бөлінді

және игерілді.

Аудандық маңызы бар KL-SH-10 "Алмазное ауылына кірме жолы" 0-10 км автомобиль жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 433704,0 мың теңге бөлінді, 433376,0 мың теңге игерілді.

 

  1. Тұрғын үй

Халықтың қаражаты есебінен жалпы ауданы 2809 ш.м. 15 үй (15 пәтер) салынды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 12,1% - ға төмен.

Шыңғырлау ауылында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үй салуға "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында облыстық бюджет трансферттері есебінен 170504,0 мың теңге бөлінді. 140808,9 мың теңге игерілді.

 

  1. Қаржы

   2023 жылғы 1 желтоқсанына кірістер бойынша аудан бюджеті 103,8% - ға орындалды, болжам бойынша 7684,8 млн. теңге, түсімдер 7974,6 млн. теңгені құрады. Шығыстар 95,0%  орындалды. Жоспар бойынша 7684,8 млн. теңге орындалуы 7303,2 млн. теңгені құрады.

 

Дата публикации
28 декабря 2023